Солтүстік Қазақстан облысының сотталғандары Мәскеуде сурет салудан өткен байқауда жеңімпаз атанды
XXXlll халықаралық Рождестволық оқулары аясында «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: ұрпақтардың жады мен рухани тәжірибесі» атты халықаралық конференция Мәскеудегі Христа Спаситель шіркеуінда өтті. Конференцияның басты тақырыбы — түзету мекемелерінде діни қызмет мәселелері, деп хабарлайды QZ News.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметі бойынша, Петропавл және Булаев епархиясының абақтыда діни қызмет көрсету бөлімі басшысы иеромонах Серафим Максимов конференцияға қатысып, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №48 және №50 мекемелерінің сотталғандарының «Явление» православие сурет байқауына және «Жалпы Ресейлік сотталғандар арасындағы діни қызметті көрсету» байқауының қорытынды кезеңіне қатысқан жұмыстарын ұсынды. Сотталғандар байқауға дайындықты 2024 жылдың қараша айында бастады.
Барлық ұсынылған жұмыстарды зерттеген соң, байқау әділқазылары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №48 және №50 мекемелерінің сотталғандарына бірінші орын берді. Сотталғандар өздерінің сурет салудағы шеберліктері мен кәсіби өнер дағдыларын тағы бір рет халықаралық байқауда көрсетті.
Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандар жыл сайын бірінші орынды иеленіп келеді.