Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сот үкімі күшін жойды

Сот үкімі күшін жойды

Соттың қаулысымен Қызылжар ауданының жеке кәсіпкері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Ол акцизделетін тауарларды сәйкестендіру құралдарынсыз өткізіпті-мыс. Салынған айыппұл – 517 500 теңге, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Дегенмен, апелляциялық сатыдағы сотта есепке алу-бақылау маркаларынсыз сату фактілері өзінің дәлелін таппады. Сонымен бірге, полицияның учаскелік инспекторымен материалдарды жинау барысында ӘҚБтК-тің процестік нормаларын маңызды бұзушылықтар жіберген.

“06.12.2023 жылы апелляциялық сатыдағы сотпен прокурордың өтінішхаты бойынша ЖК-дің әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болғандығы дәлелденбегендіктен, іс бойынша өндіріс қысқартылған. Одан басқа, прокурордың өтінішхаты бойынша кінәлі лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік сипатта шара қолдану туралы жеке қаулы шығарылды”,- деп хабарлады облыстық прокуратура.

Shares