Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімдігінде Петропавлға бөтелкедегі су жеткізу жайлы айтылды

СҚО әкімдігінде Петропавлға бөтелкедегі су жеткізу жайлы айтылды

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, “Карат” ЖШС 13-15 сәуір аралығында қалаға 140 тонна су (Асу және Тассай) жеткізеді, ол Северный, Семейный және Аймер сауда желілері арасында бөлінеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Сондай – ақ, “Көкшетау минералды сулары” ЖШС 13 сәуірде қалаға 2 жүк көлігін (бір көлікте – 3 900 дана 5 л су) жібереді, олар Магнум, Северный және Семейный арасында бөлінеді, сондай-ақ 3 жүк көлігі 15 сәуірде келеді.

“Магнум ЖШС өкілдерінің ақпаратына сәйкес алдағы 2 күнде қалаға 16 жүк көлігі (бір көлікте – 3 900 дана 5 л су) келеді. Таңертең Магнумға бірнеше су таситын көлік жетеді деп күтілуде”, – делінген хабарламада.

Shares