Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Анатолий Башмаковқа Президенттің Алғысын табыс етті

СҚО әкімі Анатолий Башмаковқа Президенттің Алғысын табыс етті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекет және қоғам қайраткері Анатолий Башмаковқа Президенттің Алғысын табыс етті. Бұл марапат – оның ел дамуына, өңірдің өркендеуіне, ұлтаралық келісім мен достықты нығайтуға қосқан көп жылғы жемісті еңбегіне жоғары баға. Өңір басшысы Анатолий Афанасьевичке амандық, жаңа табыстар, отбасылық бақыт тіледі, деп хабарлайды QZ News.

Анатолий Башмаков  – экономика ғылымдарының докторы, саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор, 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы. СҚО атынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосты. Қазақстан халқы Ассамблеясындағы және білім беру саласындағы қызметі – Отанға адалдық пен патриотизмнің жарқын үлгісі.

Shares