СҚО әкімі мектептер, жатақхана мен спорткешеннің құрылысын тексерді
Облыс орталығында бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Орман» және «Береке» шағын аудандарында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі мектеп, орталықта университетке арналған студенттер жатақханасы және «Береке» шағын ауданында спорт кешені мен арнайы мектеп-интернаты тұрғызылып жатыр.
Қаланы аралау кезінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала әкімі Серік Мұхамедиев аталған нысандардың құрылыс барысын тексерді.
Өңір басшысы жауапты басшыларға құрылысқа қарқын қосып, еңбеккерлер санын көбейтіп, барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды.