Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Петропавлда жылыту маусымы қалай өтіп жатқанын айтты

СҚО әкімі Петропавлда жылыту маусымы қалай өтіп жатқанын айтты

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ брифингі барысында өңірде және облыс орталығында жылыту маусымы қалай өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Облыс әкімі атап өткендей, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарының жұмыс істеу мәселелері бақылауда. Бүгінгі таңда “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ 2-ЖЭО жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсатқа 12 млрд теңге бағытталды. 10 қазандық агрегаты пен 7 турбоагрегат жөнделеді және мұржа салынады

“Жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. 2023 жылы жылыту маусымына дайындық аясында “Петропавл Жылу Желілері” ЖШС 7,2 км желіге жөндеу және қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізді”,-деді аймақ әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 

Shares