Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі: Смирноводағы өрттен зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі

СҚО әкімі: Смирноводағы өрттен зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданы, Смирново ауылындағы екі қабатты үйде газ-ауа қоспасының жарылуынан орын алған өрт орнында болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өрттен 12 жасар қыз ажал құшты. Ал зардап шеккен 22 жастағы үй тұрғыны аудандық ауруханаға, кейін қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

“Өкінішке қарай, өрт бір адамның өмірін қиды. Отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен отбасыға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қыстың келуімен тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып отыр. Бүгін таңертең қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, онда өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтау мен алдын алудың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өттім. Сондай-ақ, тұрғын үйлер мен нысандардағы газ баллондардың бар-жоғын  тексеріп, тұрғындармен  түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, келесі жылы аудандық көпқабатты үйлерді жылуға қосуды жоспарлауды тапсырдым”, – деп атап өтті облыс әкімі.

 

Shares