Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі жаңартылған ХҚКО барды

СҚО әкімі жаңартылған ХҚКО барды

Ғауез Нұрмұхамбетов жаңартылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Өңір басшысы келушілермен тілдесіп, қызмет көрсету сапасы туралы сұрады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өткен жылы мекемеде тың өзгерістер орын алды. Қызмет көрсету жылдамдығы жақсарып, ыңғайлы күту орны жасалды. Осының барлығы орталыққа келушілерге қажетті қызметті тез әрі қажетсіз құжатсыз алуға мүмкіндік береді.

Облыста жыл сайын 6 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның 98,8 пайызы электронды түрде жасалады. Өңір басшысы цифрландыруды одан әрі жалғастырып, онлайн форматқа көшу қажеттігін атап өтті. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильді топтары ауылдарға барып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді көбейту қажет.

Shares