Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО архивінде Дінмұхамед Қонаевқа қатысты құжаттар сақталған

СҚО архивінде Дінмұхамед Қонаевқа қатысты құжаттар сақталған

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Дінмұхамед Қонаевтың туғанына – 112 жыл, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жоғары лауазымдарда жұмыс істеген жылдары ол жоғары мінберлерден бірнеше рет баяндама жасады. Адамдар саясаткердің сөздерін мұқият тыңдады, ол қойған міндеттерді бұлжытпай орындады.

“Ол Мәскеу түсті металдар мен алтын институтында оқыды. Жақсы білім алып, 1939 жылы мамандығы бойынша еңбек жолын бастайды. Бастапқыда қатардағы жұмысшы ретінде тер төкті, екі жылдан кейін оған бас инженер лауазымы ұсынылады”, – деді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

Қонаев 1939 жылы КОКП мүшелігіне қабылданып, қыркүйек айында Риддер руднигі басқармасының директоры болып тағайындалды. 1940-1942 жылдары Кеңес Одағының қорғасын-мырыш өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындардың бірін басқарды. Ал соғыстың басында Дінмұхамед Қонаев ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

“Ол өнеркәсіпті, металлургияны дамытуға, майданды қару-жарақпен, өнеркәсіп бұйымдарымен қамтамасыз етуге жауапты болды, орасан зор жұмыс жүргізді. Ол соғыстан кейінгі уақытта, үкіметті басқарған кезде, біраз уақыт Ғылым академиясының президенті болып жұмыс істеді. Ғылым мен өндірісті байланыстыра алатын адам. Дінмұхамед Ахметұлының есімімен Қарағанды гидроэлектростанциясының, металлургия комбинатының құрылысы байланысты”, – деді Сәуле Мәлікова.

Дінмұхамед Қонаев республиканы басқарған кезде экономикада, білім беруде, мәдениетте үлкен өзгерістер болды. Біздің елімізде мыңдаған елді мекен, 68 жұмысшы кенті және 43 қала пайда болды. Дінмұхамед Қонаев үшін республиканың аумақтық тұтастығы аса маңызға ие болды. Тарихта оны дәлелдейтін фактілер сақталған.

Облыстық мемлекеттік архивте Дінмұхамед Қонаевтың КОКП ОК пленумдарында сөйлеген сөздерінен 30-ға жуық құжат сақталған. 60-70 жылдардың соңында ол біздің облысқа жиі келіп, тек жоғары лауазымды адамдармен ғана емес, қарапайым тракторшы жұмысшылармен, сауыншылармен, селекционерлермен де сөйлескен. Дінмұхамед Қонаев адамдарды жаңа еңбек жетіктіктеріне қалай шабыттандыру керектігін білді.

 

Shares