СҚО басшысы Жамбыл ауданының жаңа әкіміне ауылда өмір сүру сапасын жақсартуды тапсырды
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, Жамбыл ауданының әкімі қызметіне Азамат Бауыржанұлы Бектасовтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Депутаттар бұл кандидатты қолдап, дауыс берді.
Кейін аймақ басшысы Жамбыл ауданының активіне жаңа аудан әкімін таныстырды. СҚО әкімі Азамат Бектасовқа аудан экономикасын одан әрі дамыту және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.