Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті клиенттермен жаңа тәсілдер арқылы жұмыс істемек

СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті клиенттермен жаңа тәсілдер арқылы жұмыс істемек

Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі шеңберінде жеке кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары үшін декларация тапсыру міндеті туындайды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

​СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған алдын ала мәліметтер бойынша, өңірде 60 мыңнан астам адам декларацияны тапсыру қажет.

“Декларацияны жеңіл тапсырудың әдістері баршылық. Мысалы, ESA, eGOV mobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы, eGOV, moldir.qoldau.kz веб-порталдары, cabinet.salyk.kz салық төлеуші кабинеті арқылы”, – деп атап өтті СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов.

Спикердің сөзінше, клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті клиенттерімен жұмыс істеудің жаңа тәсілін әзірледі. 2023 жылы клиенттерге қызмет көрсету орталығының ерекше портреті бекітілді. Қазіргі уақытта комитет Астана қаласы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында пилоттық жобаны жүргізуде және бірте-бірте бұл өзара іс-қимыл форматы барлық мемлекеттік кірістер басқармаларында енгізіледі.

“Бұл жобаның негізгі ноу-хауы – Орталықта дербестендірілген қызмет көрсету моделін пайдалана отырып, тұтынушыларға қызмет көрсету. 4 қызмет пакет түрі қарастырылған. Бұл «Бастау» – жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған пакеті, «Кәсіпқой» – кәсіби бухгалтерлерге қызмет көрсетуге арналған пакеті,«Құрмет» – аға буын өкілдеріне арналған пакеті, «Өрлеу» – электрондық қызметтерді белсенді пайдаланушылар үшін.

Мемлекеттік кірістер департаментімен тікелей азаматтарды жеке қабылдау және салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштеріне сапалы кеңес беру бойынша әкімшілік блок қызметкерлерінің арасынан бірінші кезеңде қабылдау жұмысы ұйымдастырылады”, – деді СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов.

К.Сүтішев көшесі, 56 мекенжайы бойынша күн сайын 9:00-ден 18:00-ге дейін келушілерді модератор қабылдайды, оның функцияларына клиенттерге жедел кеңестік көмек көрсету және сондай-ақ қажет болған жағдайда тиісті қызметкерге бағыттау кіреді.

Shares