СҚО-да 2023 жылы кәмелетке толмағандармен 50 қылмыс жасалды
Ювеналды полицейлердің статистикасына сәйкес, өткен жылы кәмелетке толмаған солтүстікқазақстандықтармен 50 қылмыс жасалған. Олардың негізгі түрі – ұрлық, 21 факті тіркелген. Сондай-ақ, полицейлер бопсалады деген күдікпен – 6, 5 – бұзақылық, 2 тонау және басқа да заң бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жасөспірімдер қылмысының негізгі себептерінің қатарында тәртіп сақшылары балалардың қараусыз қалуы мен төмен құқықтық сауаттылықты атап өтеді. Жасөспірімдер ортасында қылмыстың алдын алу үшін полицейлер үнемі рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Бір жыл ішінде облыс орталығы мен аудандардың ювеналды полиция бөлімшелері өзге полиция қызметтерінің қатысуымен 1078 рейд пен 49 жергілікті пысықтауды жүзеге асырды. Жасөспірімдердің түнгі көшелерде серуендегені үшін 2577 ата — ана, тағы 237 адам-кәмелетке толмаған балалардың алкогольді ішуі үшін жауапқа тартылды.
Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар педагогтармен және мектеп психологтарымен тығыз жұмыс істейді, тұрмысы қолайсыз отбасыларды тексереді. Бүгінде облыста кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 32 жасөспірім және 113 ата-ана есепте тұр. Олармен жеке жұмыс жүргізіледі.