Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да 26 ақпанда боран мен көктайғақ күтіледі

СҚО-да 26 ақпанда боран мен көктайғақ күтіледі

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің көптеген өңірінде ауа райының нашарлауы болжануда: тұман, желдің күшеюі, боран, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысы да бұл жағдайдан тыс қалмайды, деп хабарлайды QZ News.

26 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауып, көктайғақ күтіледі.

Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде боран соғады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан, облыстың батысы мен оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с жетеді.

Петропавл қаласында 26 ақпанда тұман күтіледі. Күндіз сырғыма жүреді.Түнде температура -11-13 °C, күндіз -3-5 °C болады.

Shares