Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да 5 мыңнан аса жаяу жүргінші ЖЖҚ бұзған

СҚО-да 5 мыңнан аса жаяу жүргінші ЖЖҚ бұзған

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты 113 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Балалардың жол-көлік жарақатымен байланысты 78 жол апаты тіркеліп, нәтижесінде 4 бала көз жұмды, 87 бала жарақаттар алды. Жыл басынан жол жүрісі қағидаларын бұзған 5800 астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Тәжірибе көрсеткендей, жолдардағы автокөліктер саны артып келеді. Ал жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жол үстіндегі жағдайға көңіл аударуы төмендеуде. Жол-көлік оқиғаларының қаупін әр түрлі гаджеттер, құлаққаптар, адамның бетін тұмшалайтын киімдер арттырады. Айта кету қажет, жолдардағы қауіп маусымаралық кезеңде айтарлықтай өседі. Осыған байланысты полицейлер жаяу жүргіншілер арасындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

«Жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз сақтаған жөн. Көшені белгіленбеген жерден кесіп өтпеу қажет. Бағдаршамнан өтер кезде көлік құралының  сізге жол беріп тұрғанына көз жеткізіп алу керек. Бұл қысқы уақытта, машина дұрыс тоқтай алмай қалуы мүмкін уақытта маңызды. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындаған кезде жылдамдық алдын ала азайтулары және қажетті ара қашықтықты сақтауы тиіс. Көлік жүргізген кезде барынша мұқият болу қажет», – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

 

 

 

 

Shares