Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да алимент бойынша қарыз 192,6 млн теңгені құрайды

СҚО-да алимент бойынша қарыз 192,6 млн теңгені құрайды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Әділет департаментімен және облыстың Жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, қасақана алимент төлемеген борышкерлермен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Облыста алимент бойынша қарыз 192,6 млн теңгені құраса, оның 146,2 млн теңгесі – 135 қасақана борышкердің қарызы.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша 43 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

“Борышкерлерге орындау тәртібі, жұмысқа, оның ішінде облыстағы жұмысқа орналасу орталықтары арқылы орналасу, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуды қоса алғанда, міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары түсіндірілді.

Сот орындаушыларының алимент өндіру мәселелері бойынша жұмысы үйлестірілді, соңғы келген борышкерлерге жұмысқа орналасу туралы хабарламалар, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу шеңберінде шығарылған өзге де құжаттар табыс етілді”,- делінді Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында.

Shares