СҚО-да аса ауыр жүк тиелген «КамАЗ» жол жиегінен шығып кетті
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жолдың тайғақ болуы салдарынан әрқайсысының салмағы тоннадан асатын темір жол доңғалақ жұбын тасымалдаған «КамАЗ» жол жиегінен шығып кетті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жүргізуші «102» арнасына хабарласты оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп жетті. Олар жақын маңда жұмыс істеп жатқан ДЭУ-66 техникасының көмегіне жүгінді. Алайда «КамАЗ»-ға тиелген ауыр жүк болғандықтан көлікті жолға сүйреп шығарудың алғашқы әрекеті сәтсіз болды.
57 жастағы жүргізуші Рузаевка ауылында түнеп қалды. Ал полицейлер жүктің сақтығын және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Көліктен жүкті түсіруге жергілікті тұрғын автокран иесі Сергей Гарпенюктің көмегіне патрульдің күндізгі ауысымына келген сақшылар келісті. Осыдан кейін ДЭУ-66 техникасы «КамАЗ» жүк көлігін шығарып алды.
“Қыстың күрделі климаттық жағдайына байланысты арнайы техника жолдарды тазалап үлгермей жатады, – дейді СҚО ПД ППБ командирі полиция майоры Уәлихан Оразалин. – Мұны есте сақтап, жолда аса сақтықты сақтауды сұраймыз. Жолдың күрделі учаскелерінде жылдамдықты төмендетіңіз. Басып озуды маневрлерінен бас тартыңыз. Жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды және көлік құралдарының техникалық жай-күйі қадағалаңыз. Әсіресе ауа райының нашарлауы қарсаңында ерекше қажеттіліксіз алыс қашықтықтағы сапарларға шықпаңыз”.