СҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты жол учаскесі жабылды – «ҚазАвтоЖол» АҚ
«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы 26 ақпанда сағат 17:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 846-856 шақырымында (Тахтарброт ауылының бұрылысы – Ақмола облысының шекарасы) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды QZ News.
Жолдың шамамен ашылу уақыты – 2025 жылғы 27 ақпанда сағат 10:00.