СҚО-да белсенділер зейнеткерлерге аулаларда қар тазалауға көмектеседі
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында «AMANAT» партиясының белсенділері «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырып, зейнеткерлерге көмек көрсетті. Еріктілер егде жастағы адамдардың аулаларын қардан тазартты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Ұйымдастырушылардың мақсаты – қыс мезгілінде көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу, қолдау білдіру. Яғни, ауласын қардан аршып, жүріп-тұруын жеңілдету.
«Біздің өңірде қыс қатал болады, қар тазалау әсіресе егде жастағы адамдар үшін оңай емес. Мұндай жағдайда біз олаоды жалғыз қалдырмаймыз. «Таза бейсенбі» акциясы тек қар тазалау ғана емес. Бұл – егде жастағы адамдарға көңіл бөлу, қамқорлық жасау болып табылады», – деп атап өтті «AMANAT» партиясының Жамбыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Владимир Волков.
Зейнеткерлер белсенділерге өз алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Бұл акция тоқтамайды. Жалғасын табады.