СҚО-да дауылды ескерту жарияланды
15 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, облыстың оңтүстігінде күндіз оңтүстіктен секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ал облыстың батысында жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп күтілуде.
Облыс орталығында болса 15 қарашада оңтүстіктен жел соғады. Жылдамдығы секундына 15-20 метр болады деп күтілуде.