Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан шықты

СҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан шықты

Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов өз қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қыркүйегінде келген еді. Бұрынғы басшының міндеттерін оның орынбасары уақытша атқарады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Облыс әкімдігіне қарасты баспасөз қызметінің мәліметінше, Құмар Күсемісов өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазған.

Құмар Күсемісов – Тимирязев ауданының тумасы. Ол Солтүстік Қазақстан медициналық колледжін, одан кейін Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын “Емдеу ісі” мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы фтизиопульмонология орталығының жансақтау бөлімшесінде бастаған. Кейін әр жылдары хирург, дәрігер-сарапшы болып жұмыс істеді, Аққайың аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды.

2016-2020 жылдар аралығында СҚО полиция департаменті госпиталіне жетекшілік етті. Осыдан кейін облыстың денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істей бастады. Басшының стратегиялық мәселелер және кадр саясаты жөніндегі орынбасары, басшының емдеу ісі және ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары болды. Ал 2022 жылдың күзінде басқарма басшысы лауазымына тағайындалды

Shares