СҚО-да денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы таныстырылды
Облыс әкімінің өкімімен және Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша Қаныш Болатұлы Бижанов Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қаныш Болатұлы 1977 жылы Жезқазған облысында туған (қазір – Ұлытау облысы). Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын және Халықаралық экономикалық институтын емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент мамандықтары бойынша тамамдаған.
Медициналық институтын біттіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облысына Целинный орталық аудандық ауруханасының хирург дәрігері болып жұмысқа келді. Әр жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері болып жұмыс істеді. Осы тағайындауға дейін облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры болып қызмет етті.