СҚО-да екі ХҚКО жаңартылды
Петропавлда және Қызылжар ауданының Бескөл ауылында халықтың жаңа цифрлық кеңселері ашылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Халықтың цифрлық кеңселерінің қарапайым ХҚКО-нан басты айырмашылығы – жаңа жабдықтардың болуы және қызмет көрсетудің заманауи тәсілі. Жаңғыртылған ХҚКО-да жөндеу жұмыстары жүргізілді, жиһаз және кеңсе техникасы ауыстырылды.
“Бұдан басқа, new ХҚКО Кайдзен қағидаты бойынша жұмыс істейді. Сонымен бірге, жаңғыртудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қолайлы жағдайларды ұйымдастыру. Сөйтіп, тіркеу орны, жаңа цифрлық кеңселер клиенттерге ыңғайлы болу үшін түстерімен ерекшеленетін аймақтарға бөлінеді. Олардың ішінде ресепшн, құжаттарды беру, жылдамдық, кеңес беру, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы”,- деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жаңа ХҚКО-ның келушілері үшін «байланыс және ену» аймағында оператордың көмегінсіз-ақ кез-келген қажетті мемлекеттік қызметті өз бетінше ала алады. Бұдан басқа, бұл секторларда қызметкерлер клиенттерді цифрлық сауаттылыққа үйретеді.
“Облыс тұрғындары мемлекеттік қызметтерді Петропавл қ., Әуезов к-сі, 157 және Бескөл ауылы, Институт көшесі, 18 мекенжайы бойынша орналасқан халықтың жаңа цифрлық кеңселерінде ала алатын атап өтеміз. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында үш халыққа қызмет көрсету орталығы жаңғыртылғаны туралы естеріңізге саламыз. Бұған дейін қызмет көрсетудің жаңа форматына Конституция көшесі, 72 мекенжайындағы №2 ХҚКО-ғы көшкен болатын”,- деп толықтырды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі.