Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да ерлер колониясындағы сотталушыға кездесуге бірден 8 адам келді

СҚО-да ерлер колониясындағы сотталушыға кездесуге бірден 8 адам келді

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №48 мекемесінде сотталғандарға жақындарымен 1000-нан астам кездесу ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта еліміздің қылмыстық-атқару заңнамасы көптеген параметрлер бойынша адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Сотталғандарға екі түрдегі кездесу беріледі. Бұл ұзақтығы екі сағатқа созылатын қысқа мерзімді және мекеме аумағында өтетін екі тәуліктік кездесулер, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Осылайша, былтыр сотталғандарға 1098 кездесуге рұқсат берілді. Оның 404-і ұзақ болса, 694-і қысқа мерзімді кездесулер. Су тасқыны кезінде айыпталғандар үшін туысқандарымен кездесуге мүмкіндік болмады. Өткен жылдың қыркүйек айында су тасқынының салдарын жою мақсатында кездесу бөлмелеріне жөндеу жүргізілді. Барлығы 15 жатын бөлме, ас үй, жуынатын, демалыс бөлмесі және балаларға арналған ойын алаңы жабдықталған. Сотталғандар мен олардың жақындарының жайлылығы үшін жаңа жиһаз, ыдыс-аяқ және тұрмыстық техника сатып алынды.

Осы кезеңнен бастап барлық пайдаланылмаған кездесулер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің No 819 бұйрығының 84-тармағына сәйкес беріледі, онда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде, табиғи апаттар және басқа да төтенше жағдайларды жоюға кедергі келтіретін мекеменің қалыпты қызметі, сондай-ақ мекемеде ерекше жағдайлар режимін енгізу барысында кездес мекеме басшысының бұйрығымен уақытша тоқтатылады. Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша сотталған адамға кездесуге рұқсат берілмесе, олар кейінірек беріледі.

«Жақын туыстарымен мұндай кездесулер сотталғанның түзелуіне оң нәтиже береді, заңға бағыну мінез-құлқын, жұмысқа, нормалар мен ережелерге оң көзқарасын қалыптастырады. 2024 жылы мекеменің бүкіл тарихындағы ең ерекше ұзақ мерзімді кездесу тіркелді. Сотталған В-ға ұзақ уақыт кездесуге сегіз адам келді – оның анасы және жеті ағасы мен әпкесі», – дейді мекеменің күзет бөлімінің бастығы, әділет майоры Айбол Қожахметов.

Shares