СҚО-да кәсіпкер түзету мекемесіне телефондар, sim-карталар және құлаққаптар кіргізбек болған
СҚО-дағы колонияға жеке кәсіпкер тыйым салынған заттарды кіргізбек болған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінде жедел және режимдік бөлімнің қызметкерлері өздерінің қауіпсіздік тобымен бірлесіп, жеке кәсіпкердің құрылыс материалдарын тексеру барысында бірден сегіз телефон, сегіз SIM-карта, екі қуаттағыш және бес жұп құлаққап тапты.
“Мобильді құрылғылар мен тыйым салынған заттар тәркіленді. Тыйым салынған заттарды жеткізуге тырысқан азаматтар жауапқа тартылды. Еске сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар мен басқа да бұйымдар бергені үшін әкімшілік жауапкершілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген”,- делінген СҚО бойынша ҚАЖД хабарламасында.