Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да кәсіпкерлер өнім бағасын негізсіз көтеріп жіберген

СҚО-да кәсіпкерлер өнім бағасын негізсіз көтеріп жіберген

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тауық жұмыртқасының көтерме бағасын белгілеу және ұстап тұру бойынша бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерге қатысты «Алекри» ЖШС мен «Алекри Фирма» ЖШС-ға қатысты екі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өткен жылдың мамыр айында бұл құс фабрикаларына дәл осындай заңбұзушылық үшін айыппұл салынған болатын. 2023 жылы жағдай тағы қайталанды. Сот шешімімен олар жауапкершілікке тартылды, айыппұлдың жалпы сомасы 9,2 млн теңге. Нәтижесінде жұмыртқаның бағасы 15-20 пайызға арзандады.

Сонымен қатар, биыл департамент күріш көтерме саудамен айналысатын ірі компаниялардың біріне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпкерге заң бұзушылық белгілерінің болуы және өнімге әртүрлі көтерме бағаларды негізсіз пайдалану туралы хабарлама келіп түсті. Бірақ бағаны реттеу орын алған жоқ.

Осындай жағдайды департамент мамандары бірінші сұрыпты ұн сату кезінде де анықтаған. «КЭСС» ЖШС және бір топ тұлғалардың іс-әрекеттерінде ұнды көтерме саудада өткізу бағасын белгілеу кезінде келісілген іс-әрекеттер бойынша бұзушылық белгілері анықталды. Мұнда кәсіпкерлер ескертуді еледі. 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша департаментпен нарық субъектілеріне 21 хабарлама ұсынылып, олар толық көлемде орындалды.

 

 

Shares