СҚО-да кикбоксингтен халықаралық турнирде жеңіске жеткен полицей марапатталды
СҚО ПД басшысы Үндістанда кикбоксингтан өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанған қызметкерді құттықтады, деп хабарлайды QZ News.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Айдын Кабдұлдинов арнайы жылдам әрекет ету отрядының қызметкерін халықаралық кикбоксинг турнирінде жеңіске жеткені үшін құттықтады.
Бұл спортшы полицейдің халықаралық аренада қол жеткізген жаңа жетістігі. Полиция майоры Беков — алты спорт түрінен спорт шебері, Қазақстан және Азия чемпионы. Ол ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет етеді, учаскелік инспектор болған, 2021 жылдан бастап СОБР құрамында қызмет етіп, қылмыскерлерді ұстауға бірнеше рет қатысқан.
«Полиция генерал-майоры Кабдұлдинов қызметкерді жеңісімен құттықтап, наурыз айында Венецияда өтетін Әлем кубогында сәттілік тіледі. ПД басшысы спорттық жетістіктер қызметкерлерді өзін-өзі дамытуға ынталандырып, полиция имиджін нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті», — делінген СҚО ПД хабарламасында.