СҚО-да “Көкшетау-Омбы” автожолында қозғалыс шектелді
СҚО-да республикалық маңызы бар А–13 “Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық” автожолының (Омбы қаласына апарар автожол) 85-183 км (Чкалово ауылынан Талшық ауылына дейін) учаскесінде барлық көлік құралдары үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
СҚО ТЖД хабарлағандай, шектеу еріген судың жолдың үстіне жайылып кетуіне байланысты енгізілді. Бұл көлік түрлерінің қауіпсіз жүруіне қауіп төндіреді.
“Осы учаскедегі “Бидайық” өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы учаске арқылы шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс маршруттарын (Петропавл қаласы немесе Павлодар облысы арқылы) өзгерту ұсынылады”, – делінген хабарламада.