Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да Крещения мерекесі күні 200-ден астам полиция қызметкері кезекшілік атқарады

СҚО-да Крещения мерекесі күні 200-ден астам полиция қызметкері кезекшілік атқарады

19 қаңтарда облыс аумағында православ сеніміндегі христиандар «Крещения Господня» мерекесін атап өтеді. Осыған байланысты Петропавлда қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияның 200-ден астам қызметкері кезекшілік атқарады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Полицияның хабарлауынша, мұндай орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге және мас күйінде келуге тыйым салынады, бұл іс үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапкершілік көзделген (5 АЕК немесе 18460 теңге айыппұл салынады).

“Бұдан басқа, Петропавлда суға түсу орындарына және арнайы мұз тесіктеріне жеңіл көлік құралдарының тұрып қалуын болдырмау және кедергісіз өтуіне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, келесі қозғалыс бағыттары әзірленді: Өзен портына өту үшін – Жабаев көшесі бойымен Жас Өркен шағын ауданының айналма жолы арқылы жүруге рұқсат етіледі. Есіл өзеніндегі қалалық жағажайға өту үшін – Потанин көшесі бойымен «Ойқала» шағын ауданы арқылы жүруге рұқсат етіледі”,- делінген СҚО ПД хабарламасында.

Транзиттік жүк автокөліктерінің жүруі үшін аталған учаскені, яғни Мамлют қаласы жағынан айналып өтуге рұқсат етіледі – жүк КҚ Бескөл ауылы жағынан айналма а/ж бойымен 20 шағын ауданының жағынан – «Жұмысшы кенті» шағын ауданы жағынан айналма жолы бойымен жүруіне рұқсат етіледі.

Shares