Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да мас жүргізуші полицияның бұйрығына бағынбаған

СҚО-да мас жүргізуші полицияның бұйрығына бағынбаған

Солтүстік Қазақстан облысында 10 айда мас жүргізушілердің кінәсінен болған 23 жол-көлік оқиғасында 6 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғаларының ауырлығына және апаттылыққа тікелей әсер ететін жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарымен күресуді полиция қызметкерлері үнемі жүргізіп тұрады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

7-12 қараша аралығында өткен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының 6 күні ішінде СҚО полицейлері 29 мас жүргізушіні анықтады. Мысалы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдарының бірінде ВАЗ 2106 маркалы автокөлік полиция қызметкерлерінің көзіне түседі. 51 жастағы жүргізушінің айтуынша, өзінің мас болғаны соншалық, полиция қызметкерлерінің дауыс зорайтқыш арқылы айтылған тоқтау туралы талабын естімеген. Тәртіп сақшылары оны аулаға кірген сәтте ұстады.

“Медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес, көлікті масаң күйде жүргізгені үшін ауыл тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынуы және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, іс-шара барысында облыс жолдарында 2473 құқық бұзушылық анықталды”, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

Shares