СҚО-да Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті
Бүгін Қазақстан маңызды мерекені — Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. Бұл күн Тәуелсіздіктің рухы мен ұлт бірлігінің нышаны. Салтанатты түрде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі облыс орталығының орталық алаңында өтті. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен өңір тұрғындары қатысты, деп хабарлайды QZ News.
Іс-шара аясында еліміздің және өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға марапаттар табысталды. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран әрбір қазақстандық үшін жай ғана нышан емес, олар еркіндік, отаншылдық пен туған мәдениетке, тіл мен дәстүрге деген құрметтің символы.
«Сіздерге шын жүректен бейбіт өмір, бақыт, амандық және көркейіп келе жатқан Қазақстанның игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілеймін. Біздің Туымыз әрдайым азат әрі қуатты мемлекетіміздің үстінде асқақтай желбірей берсін! Мереке құтты болсын!» – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өз құттықтауында.