СҚО-да өрт 6 адамның өмірін жалмады
2024 жылдың басынан бері облыс аумағында 90 өрт болды, салдарынан 6 адам қаза тапты, 18 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Оның 5-еуі – бала. Өрттен келген залал 47 млн теңгеден асып түсті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде СҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин мәлімдеді. Ол өрттің 74% жеке тұрғын үй секторында болатынын атап өтті.
“Соңғы бірнеше жылда (2021 жылдан бастап) әкімдіктер тұрғын үй секторында 5 мыңнан астам улы газ бен түтін датчигін орнатты. Бұл шара біздің облыстың 5 азаматының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді”, – деді СҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.
15 ақпанда облыс аумағында “Қауіпсіз сауда” акциясы басталды, оның аясында департамент қызметкерлері сауда үйлері мен дүкендерде профилактикалық іс-шаралар өткізеді.