СҚО-да өткен аптада 32 адам қызылша жұқтырған
Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында қызылша ауруының тағы 32 жағдайы анықталды. Қазірдің өзінде 107 факт зертханалық түрде расталды. Олардың көпшілігі – Петропавлда. Антилидерлердің үштігін Айыртау және Қызылжар аудандары тұйықтайды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
“Қызылша жұқтырғандардың 35-і – егілмеген адамдар. Оның 22-сі жеке сенімдеріне байланысты бас тартқан. 7-іне медициналық тыйым салынған. Ал 6 солтүстікқазақстандық екпе алу жасына жетпеген. Вакцинация мәртебесі белгісіз 40 жағдай анықталды. Вакцинацияның толық емес курсынан 24 адам өткен”,- деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Көшбасов.
Вакцинация аурудың алдын алудағы жалғыз тиімді әдіс болып қала береді. Облыста вакцинаның 6981 дозасы бар. Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында жоспардағы 5380 бала егілген. Бұл -шамамен 25%.