Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да полицейлер 100 литрден астам заңсыз алкоголь өнімдерін тәркіледі

СҚО-да полицейлер 100 литрден астам заңсыз алкоголь өнімдерін тәркіледі

Ақжар ауданының полиция бөлімі рейдтік іс-шаралар барысында 39 жастағы жүргізуші басқарған Mazda минивэнын тоқтатқан, деп хабарлайды QZ News.

Көлікті тексеру барысында тәртіп сақшылары салонда әрқайсысы 5 литрлік пластик ыдыстар мен картон қораптарындағы шыны бөтелкелерді байқаған.

«Тексеру нәтижесінде, ер адам акциздік маркалары жоқ алкоголь өнімдерін тасымалдағаны анықталды. Жалпы тәртіп сақшылары көліктен 105 литр заңсыз алкоголь тәркіледі. Жүргізуші тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының ПД.

2025 жылдың қаңтар айында СКО полицейлері барлығы 1145,5 литр акцизсіз алкоголь тәркіледі.

Shares