СҚО-да полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ауыл тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Полиция билік өкіліне күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің барын еске салады. Тимирязев ауданының 35 жастағы тұрғыны үшін өткен қазан айында кафеде болған кеш сот үкімімен аяқталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Дәмхана алдындағы көлік тұрағында жергілікті тұрғын мен билік өкілі арасында жанжал шыққан. Мұны учаскелік полиция инспекторы байқап қалған. Ол қызмет көрсетілетін аумақты айналып өтіп, дәмхананың жабылуын бақылауға келіпті. Мас ауыл тұрғыны полицейдің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талабын елемей, жауапкершілікке пысқырып та қарамай, заң қызметкеріне жұдырық ала жөнелген.
«Ол өз әрекетімен учаскелік инспектордың денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тамыз айында сот ер адамды пробациялық бақылау орталығына отырғызып, үш жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарған. “
Естеріңізге саламыз: қылмыстың ауырлығына байланысты санкция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 308-бабы 3 бөлігі бойынша 4 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны белгілейді. Сондай-ақ 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да бар», – дейді аудандық полиция бөлімінің басшысы Талғат Кенжетаев.