СҚО-да республикалық маңызы бар жолдар ашылды
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, «Екатеринбург-Алматы» KAZ03 (856-834 км) бойынша республикалық маңызы бар жолдар Ақмола облысының шекарасынан Чистополье ауылына дейін ашық, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
KAZ13 «Жезқазған – Петропавл» жолы да ашық (595 -673 км) Ақмола облысының шекарасынан Тоқсан би кентіне дейін
6 ауданда облыстық жолдар жабық күйінде қалды:
Ғ.Мүсірепова
Айыртау
Шал ақын
Есіл ауданы (КТ-34 Сенжарка-Троицкое-Николаевка жолы 46-69 км)
Уалиханов
Ақжар