СҚО-да республикалық маңызы бар жолдарды қыста күтіп ұстауға 600 млн теңге бөлінді
Қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау мәселесі “AMANAT” партиясының өңірлік филиалы партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Комиссия мүшелеріне “ҚазАвтоЖол “ҰК” АҚ СҚОФ директорының міндетін атқарушы Қанат Өсербаев айтып өткендей, республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсетуге қараша-наурыз айлары аралығы үшін 600 млн теңге бөлінді. Бұл – Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық жолдарды тиісті жағдайда ұстау үшін бөлінетін жалпы бюджеттің бестен бір бөлігі.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жауапты тұлғаларға атқарылған жұмыстар бойынша халықты әрдайым ақпараттандыру жөнінде ұсыныс білдірді.