Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да сібір жарасы көмінділері тізілімін цифрландыру ұсынылды

СҚО-да сібір жарасы көмінділері тізілімін цифрландыру ұсынылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мал қорымдарына мониторинг жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Джакипбеков атап өткендей, сібір жарасы көмінділері тізілімін цифрландыру қажет. QZ Media тілшісі толығырақ баяндайды.

Мониторинг кезінде негізгі назар санитарлық-қорғау аймақтарының талаптарын сақтаудағы, сондай-ақ көмінділерді ұстау кезіндегі бұзушылықтарды анықтауға аударылды.

Департамент бірқатар проблемалық мәселелерді, оның ішінде заңнамадағы олқылықтарды, облыстық деңгейде уәкілетті бақылаушы мемлекеттік органның жоқтығын, сондай-ақ осы саланы қаржыландырудың жоқтығын анықтады.

Талқылау нәтижелері бойынша өңір аумағында сібір жарасының өршуіне жол бермеу мақсатында облыс әкімдігіне нақты мемлекеттік органға сібір жарасы көмінділерін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды бекіту, ветеринариялық талаптарға сәйкес олардың техникалық жай-күйін жақсарту үшін 2024 жылға арналған қаражат көздеу, халықты ақпараттандыру және қоғамдық бақылауды күшейту үшін жер учаскелерін мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйеде «Сібір жарасы көмінділері картасы» жеке бөлімін құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

 

Shares