Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

СҚО-да спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетіндігі туралы хабарлайды, деп жазады QZ Media тілшісі.

Аналитикалық жұмыс шеңберінде спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілерін салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады.

“Талдау департаменттің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізілетін болады.Талдау жүргізуге белсенді қатысуға шақырамыз.

Егер сізде жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды «Талдау» белгісімен upd.sko@antikor.gov.kz электрондық поштасы арқылы немесе 36-24-49, 70-13-83 телефон нөмірлері бойынша беруге болады”, – делінген СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

 

Shares