СҚО-да субсидиялау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалды
Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын қаржы пирамидаларын құруға қатысты бірнеше қылмыстық іс тіркеледі. 2024 жылы осындай үш іс қозғалып, оның екеуі сотқа жолданды. Бұл туралы РСК брифингінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Шаришев айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Мәселен, Qnet құрылымдық бөлімшелерінің заңсыз әрекеттеріне 125 азамат тартылып, олардан 120 миллион теңгеден астам шығын келтіріліп, 20,5 миллион теңгенің мүлкі тәркіленді. Сонымен қатар, сотталушы заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдалана отырып, көлік құралын сатып алған, ол сот үкімі бойынша тәркіленуге жатады», — деді Самат Шаришев.
Баяндамашының айтуынша, қаржы пирамидаларының заңсыз әрекеттерінің алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында AFM-Insaider аналитикалық жүйесі енгізілді, ол IT құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидасының абоненттерінің мақсатты аудиториясымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын мақсатты түрде жүргізуге мүмкіндік береді; Telegram бот азаматтардың ақпаратын жақсарту үшін жұмыс істейді. Сонымен қатар, экономикалық тергеу қызметі субсидиялау саласындағы тәуекелдерге кешенді талдау жүргізеді.
«Жұмыс нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚПК 201-бабына сәйкес, бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ету мүмкін емес», — деді Самат Шаришев.
Солтүстік Қазақстан облысының Экономикалық тергуеу департаменті қызметкерлері заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде. Cybernadzor жүйесіне заңсыз ойын қызметтерін бұғаттау үшін 2 518 сілтеме қосылды.