СҚО-да табиғи ресурстар басқармасы басшысының міндетін Ерболат Бекшенов атқаратын болды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі арнайы өкімімен Ерболат Мұратұлы Бекшенов СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ News.
Ерболат Бекшенов – мемлекеттік органдар мен ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибесі бар маман. Ол әр жылдары жауапты қызметтер атқарған:
- Донец ауылдық округінің әкімі;
- Мамлют ауданы әкімінің орынбасары;
- Мамлют ауданының әкімі;
- Жер қатынастары басқармасының басшысы;
- СҚО әкімдігі Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы;
- Айыртау ауданының әкімі.
Қазіргі тағайындалуына дейін Ерболат Бекшенов «Қызылжар су қоймалары» ЖШС директоры қызметін атқарған.