2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да табиғи ресурстар басқармасы басшысының міндетін Ерболат Бекшенов атқаратын болды

СҚО-да табиғи ресурстар басқармасы басшысының міндетін Ерболат Бекшенов атқаратын болды

July 8, 2025 11:05

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі арнайы өкімімен Ерболат Мұратұлы Бекшенов СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ News.

Ерболат Бекшенов – мемлекеттік органдар мен ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибесі бар маман. Ол әр жылдары жауапты қызметтер атқарған:

  • Донец ауылдық округінің әкімі;
  • Мамлют ауданы әкімінің орынбасары;
  • Мамлют ауданының әкімі;
  • Жер қатынастары басқармасының басшысы;
  • СҚО әкімдігі Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы;
  • Айыртау ауданының әкімі.

Қазіргі тағайындалуына дейін Ерболат Бекшенов «Қызылжар су қоймалары» ЖШС директоры қызметін атқарған.

Shares