Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да төрт әкім мен алты мемлекеттік орган басшысына ақшалай өндіру шарасы қолданылды

СҚО-да төрт әкім мен алты мемлекеттік орган басшысына ақшалай өндіру шарасы қолданылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылдағы жұмыс қорытындысы баяндалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

2023 жылы облыстың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты көбінесе сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне, жер және тұрғын үй дауларына қатысты арыздарды қараған. Жалпы алғанда, мұндай 400-ден астам арыс түскен.

«Жалпы 699 талап арыз түсті, 353 талап арыз қайтарылды. Оның 149 бойынша татуласу келісімдері сотпен бекітілді, 204 талап арыз әкімшілік сот өндірісінде қаралмайтындықтан, сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамағандықтан, сотқа талап арызбен жүгіну мерзімін өткізіп алғандықтан және де талап қоюшының арызы негізінде қайтарылды. 144 шешім шығарылды, оның ішінде 99 талап арыз қанағаттандырылды, 45 талап арыз бойынша қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімдер шығарылды, яғни 68,7% қанағаттандырылды. 30 әкімшілік іс бойынша мемлекеттік органдарға орын алған заң бұзушылық фактілері үшін жеке ұйғарымдар шығаралды», – деді СҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Бердібек Мұстафин.

Спикер баяндамасында әкімшілік істерді қарау кезінде тараптарға ақшалай өндіру шарасы қолданылғанын да айтты.

«Қаралған істер бойынша 32 ақшалай өндіру шарасы қолданылды. 17 лауазымды тұлғаға, оның ішінде 4 әкімгн, 6 мемлекеттік орган басшысына, 3 жеке сот орындаушысына, талап қоюшылардың 9 өкіліне және 3 басқа да тұлғаға сотпен ақшалай өндіру шарасы қолданылды. Бұл шара қолданылған мемлекеттік қызметкерлердің барлығы – мемлекеттік органдардың басшылары. Оларға заң шеңберінде 10 және 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіру шарасы қолданылды. Барлық істер бойынша қолданылған ақшалай өндіру шаралары лауазымды тұлғаларымен мемлекеттік бюджеттің кірісіне төленді», – деді Бердібек Мұстафин.

Оларға бұл шара соттың сұрауы бойынша талап етілген жазбаша пікір келтірмегені және тиісті құжаттарды сотқа ұсынбағаны үшін қолданылды, деп сөзін түйіндеді СҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

 

 

Shares