Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да үй жануарлары иелерінің тарапынан 700-ден астам бұзушылық тіркелді

СҚО-да үй жануарлары иелерінің тарапынан 700-ден астам бұзушылық тіркелді

Үй жануарларын бағып-қағу жауапкершілікті талап етеді. Алайда иттер мен мысықтардың кейбір иелері қажетті қағидаларды сақтамайды. Тұмылдырықсыз және жетектеуге арналған арнайы мойын жіпсіз жүрген ірі ит айналадағыларға қауіп төндіруі мүмкін. 2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2-бабы бойынша 779 факті анықталды, деп хабарлайды QZ Medi тілшісі.

Көбінесе үй жануарларын бағып-қағу және серуендету талаптары бұзылған. Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында жануарлардың иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабының санкциясына сәйкес жеке тұлғалар үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып жасалған жағдайда айыппұл көлемі екі есеге артады.

“Қаңыбас жануарларға шағымдану деректері де бар. Жеке жер үйден көпқабатты үйлерге көшкен тұрғындар жануарларын тастап кетеді. Көшеде қалған иттер топтасып жүре бастайды. Көшелерде қаңғып жүрген иттерді ұстау сұрақтары бойынша петропавлдықтар қалалық әкімдіктің iKomek орталығына “109” нөмірі арқылы хабарласа алады. Ал иелері бар жануарлардың қараусыз жүгіріп жүргенін көрген жағдайда “102” арнасына қоңырау шалуға болады”, – дейді Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов.

 

 

Shares