Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да волонтерлік институтты дамыту жайы талқыланды

СҚО-да волонтерлік институтты дамыту жайы талқыланды

С.Мұқанова атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мен волонтермін» атты іс-шара өтті. Ол азаматтық белсенділік мәселелеріне арналды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Біз тыңдаушы ретінде студенттік және жұмысшы жастар арасынан еріктілерді, күміс еріктілерді шақырдық. Іс-шара облысымызда волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған. Еліміздегі волонтерлік қызметтің тарихы мен қазіргі жағдайы туралы, сондай-ақ волонтерлік іс-шараларды өткізудегі интерактивті тәсіл туралы ой қозғамақпыз», – деді СҚО бойынша волонтерлік фронт-офистің басшысы Анастасия Волкова.

Іс-шарада спикер ретінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар волонтер Елена Скакунова сөз сөйледі. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша күміс еріктілер қауымдастығының төрайымы Сәуле Тахметова мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша волонтерлік фронт-офис басшысы Анастасия Волкова өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Shares