СҚО-да жеке құрам мен арнайы техника жоғары дайындыққа келтірілді
СҚО ТЖД жеке құрамы мен арнайы техникасы болуы мүмкін су тасқынына байланысты Петропавлда жоғары дайындыққа келтірілді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Синоптиктердің мәліметтері бойынша, СҚО аумағында ауа температурасы 23 наурыздан бастап +8 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Осыған байланысты, яғни ТЖ жоюға тартылатын департаменттің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының жоғары дайындығы жүргізілуде.
Департаментпен 9 бағыт бойынша 185 адамнан тұратын жеке құрам, 42 бірлік техника, 7 жүзу құралы топтастырылды. Мотопомпалардың 72 бірлігі дайындықтан өтті.
“Мен М. Жұмабаев, Мамлют және Жамбыл ауданына жауаптымын. Жеке құрамның, техниканың, жабдықтардың дайындығын бақылаймын. Бүгінгі таңда біздің топ қалада 9 адамнан және ауданда 9 адамнан тұрады”, – деді СҚО ТЖД авариялық-құтқару жасағының бас құтқарушысы Еділ Зікрин.
Өзара іс-қимыл жоспары бойынша ықтимал су тасқынын жоюға Ұлттық ұлан академиясының 60 курсанты тартылатын болады, деді бейінді департамент бастығы.