СҚО-да “Жезқазған-Петропавл” автожолында екі жолаушы қаза тапты
23 қаңтарда шамамен 16:00-де СҚО Қызылжар ауданының “Жезқазған-Петропавл” республикалық маңызы бар автожолында “Peugeot” және “Toyota Camry” автокөліктерінің соқтығысуы орын алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде “Peugeot” және “Toyota Camry” автокөліктерінің 2 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. 4 адам медициналық мекемелерге жеткізілді.
“Аталған факт “Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды”,- делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бейресми деректерге сүйенсек, көлікте Петропавлдағы колледждердің бірінің мұғалімдері болған. Әлеуметтік желі арқылы қолданушылар да пікір білдірді. Олар жолдың сапасына байланысты ЖКО болуы мүмкін екенін атап өтті.