СҚО-да жыл басынан бері 74 адам мас күйде көлік басқарған
Солтүстікқазақстандық полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандырды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің дерегінше, 5 ақпаннан бастап елімізде “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. 2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жыл басынан бері 5048 құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде белгіленген жылдамдықты арттырудың 548 фактісі, 521 – жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауының 478 фактісі анықталды. Сонымен қатар қаңтар айында мас күйінде көлік жүргізген 74 жүргізуші ұсталды.
“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы бірінші кезекте жол қозғалысына қатысушылардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Рейдтер барысында жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жалпы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп атап өтті СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.
“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс шарасы 29 ақпанда аяқталады.