СҚО-дағы ерлер колониясында жазасын өтеп жатқандарға 4 ұялы телефон лақтырылған
Бақылау-із жолағын аралау барысында СҚО-дағы ерлер колониясының қызметкерлері 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, таспамен оралған полиэтилен пакеттерден екі орам тапты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
СҚО бойынша ҚАЖД өкілдері хабарлағандай, тексеру барысында 4 ұялы телефон, 6 бірлік SIM-карта және 4 зарядтағыш құрылғы тәркіленді.
Анықталғандай, “Р” есімді азамат рұқсат етілмеген заттарды лақтырған. Оны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша материал жиналды.