Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-дағы “SMB group family” фабрикасы 300 адамды жұмысқа алмақ

СҚО-дағы “SMB group family” фабрикасы 300 адамды жұмысқа алмақ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов полипропиленнен жұмсақ контейнерлер шығаруға бағытталған “SMB group family” фабрикасында болды. Оның өнімі – қаптар, слим және биг бэгтер, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жас кәсіпорын өнім көлемін жыл сайын ұлғайтып келеді. Фабрикада 305 адам еңбек етуде.

“Компания бір орнында тұрған жоқ. Өндірісті кеңейтуді қолға алды. Қазір заманауи цех салынуда. Инвестиция сомасы – 1 млрд теңге. Қосымша 300 жаңа жұмыс орны ашылады”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

Shares