СҚО кәсіпкерлер палатасы тегін шеберлік сабақтарын өткізді
Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы “Мен Кәсіпкер” кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға арналған құралды іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
СҚО кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап шағын бизнес өкілдеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға құралдың мүмкіндіктері туралы кеңес беру, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мен “Кәсіпке бағыт” бағыттары шеңберінде ұсынылатын қызметтерге қажеттіліктер мен сұраныстарды анықтау мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде. Апта сайын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін тақырыптар бойынша шеберлік сыныптары, семинарлар мен тәжірибе түрінде тегін оқыту іс-шаралары өткізіледі.
“Британдық “Payle” компаниясының персонал жөніндегі директоры Алена Петрованың “Кандидатты 30 минут ішінде қалай бағалау керек” атты мастер-класы жұмыс берушілер мен HR-қызметтердің басшыларына пайдалы болды, ал “Эдванс” бухгалтерлік фирмасының директоры Юлия Максаймердің салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты әзірлеген “Шағын бизнеске арналған салық есептілігі” атты семинары біздің кәсіпкерлерге қолда бар білімді жүйелеуге және дамытуға көмектесті. Айдың соңында өңірде танымал коуч, тәлімгер Ирина Богдашеваның жаттықтырушы-шеберханасы өте белсенді өтті”,- деді әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-кеңесшісі Ирина Васильева.
Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, мұндай кездесулерде олар спикерлерден көптеген пайдалы ақпарат алып қана қоймай, жаңа іскерлік және жеке байланыстар орнатады. Яғни, дамуға үлкен мүмкіндіктер беретін өзіндік бағыт бар.
“Менің ойымша, мұндай тегін шеберлік сабақтарына қатысу, әсіресе мен сияқты декреттік демалыстағы аналарға аса пайдалы. Бұл жер жаңа білім мен дағдыларды баяндайтын жер ғана емес, сонымен қатар өзінді белсенді кәсіпкерлік ортаның бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік беретін жер. Декретте мен хоббиімді коммерцияландыру арқылы торттар мен тәтті пирогтарды пісіруді бастадым. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының осындай іс – шараларды ұйымдастыруы мен өткізуі бізге ой-өрісті кеңейтуге, өз қабілеттерімізге деген сенімділікті арттыруға және өз ісімізде үлкен мақсаттарға жетуге көмектеседі”, – деді кәсіпкер Айгүл Сәкенова.